{"blocks":[{"key":"9st95","text":"Кездесуге қатысқан сайлаушыларды алдағы өтілетін сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырған А.Самаликов партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Басты бағыттар мен басымдықтарға тоқталды. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы негізінен халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған. Алда тұрған негізгі мәселелердің межелі тұстан шығарына сенімді партия сайлаушылардың партияға дауыс беріп, жарқын болашағымыз үшін таңдау жасайтынына нық сенімді.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[{"offset":0,"length":489,"style":"BOLD"}],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"c7gdc","text":" -2020 жыл біз үшін үлкен сынақтардың жылы болды. Коронавирус пандемиясы біздің өмірімізді, басымдықтарды өзгертіп, көптеген сұрақтарға басқаша қарауға мәжбүр етті. Біз басты құндылық – адамның өмірі мен денсаулығы екенін түсіндік. Қазақстан да әлемнің басқа елдері секілді ұзақ мерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды. Осы сын-қатерлерге қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, қызмет көрсетіп тұрған жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін сондай-ақ, облысымызды қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күшін салады, – деді А.Самаликов.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[{"offset":0,"length":1,"style":"BOLD"},{"offset":2,"length":633,"style":"BOLD"},{"offset":2,"length":633,"style":"ITALIC"}],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"fhvum","text":"Кездесу соңында үміткер теміржолшылардың сұрақтарына жауап беріп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Өз кезегінде теміржолшылар толғандырған мәселені алға қойып, тілектерін жеткізуді сұрады.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}}],"entityMap":{}}