Теміржол саласы қызметкерлерімен кездесу өтті
«Nur Otan» партиясы атынан облыстық және аудандық мәслихатқа ұсынылған кандидаттар Қ.Оспанов, К.Габдуллина, К.Досиханов, Б.Умбетов теміржол саласы қызметкерлерімен кездесу өткізіп, үгіт - насихат жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында бағдарламаның халық үшін тиімді, экономика мен өңірлердің орнықты дамуы үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құруға бағытталғанын айтып, сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.



