Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Темірлан ауылының тұрғындарымен кездесу өтті.

Депутаттыққа үміткер кандидаттар бар күш-жігерін, білім-біліктіліктерін елге арнауға дайын екендіктерін көрсетіп бағуда. Көпшіліктің сенімінен шығу оңай шаруа емес, әйтсе де халықтың сенімін ақтау үшін барын салуда.Бүгін «Nur Otan» партиясының атынан аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Әлиасқар Бердімұрат, Әсел Баймаханова, Айгерім Иманова Темірлан ауылының тұрғындарымен кездесті. Халықпен кездесу барысында кандидаттар партияның алға қойған 7 басым бағытын тілге тиек етіп, алдағы келе жатқан сайлауда «Nur Otan» партиясына үлкен үміт артып, дауыс беруге шақырды. Ерікті жастар үгіт насихат үнқағаздарын таратуда белсенділік танытты.

0
0
117

Осы тақырып бойынша

Темірлан ауылының тұрғындарымен кездесу өтті. - Yvision.kz