Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Теледидар ермегі

Қазіргі таңда саны шексіз, сапасы керексіз кинолар қатары қаптап, көзімізді байлап жатыр десек те қателеспеспіз. Ең бірінші ойымызды таразыға салып, ойлана келе бір тақырыпқа келіп бел байладым. Менің алғашқы мақаламның бірі ол - ең үздік телехикаялар. Корей сериалдарының алдын бастап, алғаш теледидар экранына жол бастаған " Нар тәуекел ", және " Ыстық ұя " сериалдарын атап өтсем де болатын шығар. Жастардың жүрегінен ерекше бір орын алып, біраз уақыт хит пе еді?, ия, қазіргі кезде де осы сериалдардың орны ыстық, әрі ерекше. Ең үздік корей телекихаялары деп осы сериалдар қатарын айтар едім. Мин Су Юн әдемі, сыпайы , инабатты , махаббатқа адал да, берік қыз. Оның артынан, қыз текелерге ұқсап, шашын қайырып, ерні мен көзін бояп, қыздарымыздың былай тұрсын, тіпті ұлдарымыздың да жүрегін жаулап алған Ку Чен Пе мырзамыз шықты. Киім өзгерісі де, барлығы да әп сәтте-ақ өзгере шықты. Ал, енді түрік телехикаяларына көз жүгірте қарасақ, осы заманда не көп, құдайым-ау корей, түрік тағы не бар үнді сериалдары да қалысар емес. Айтпақшы үнді сериалдары демекші, Ананди, Тапасия, Ича, Зоя деген кейіпкерлеріміз де бар. Бірақ маған Ананди демекші, Анандидің рөліндегі актриса қатты ұнайды. Бір ерекше, сүйкімді актриса ретінде де, ақылына көркі сай қыз деп Анандиді айта аламын. Түрік, орыс, корея қыздары секілді емес, бойында бір адам баурап алар ерекше бір магнит қасиеті бар. Әрине бастапқыда қыз ғұмыры деп тұрғасын, мен Анандидің рөлдегі өмірі қалай болатынын да елестетіп алғам. Тақырыптың өзі нақты да, айқын ашып тұр. Қараңыз! Құрсауда қалған қыз ғұмыры. Бұл қыздың бойынан тағы да бір ерекше қасиетін байқадым. Ата-енесін сыйлауы, үлкен-кішіге құрмет, ізеттілік көрсетуі осының бәрі тәрбие деп ойлаймын шыны керек. Ананди секілді ақылды да, әдемі , инабатты қыз супер келін болуға 100 процент лайық шығар! Иә, ол киноның мылжың жерлері өте көп. Қазіргі кезде әлі де түсіріліп жатыр деп те естідім. Бірі жақтырар, бірі жақтырмас, бірақ мен үшін Анандидей ерекше актриса табылмас!

0
1
578

Осы тақырып бойынша