Тексеру жұмыстары
Маңғыстау ауылының тұрғыны Мұхтарқызы Орынгүл фейсбук желісінде Дәулет әкімдігінен кешірім сұрап, сол Дәулет ауылында бірнеше күннен бері су ақпай тұрғаны туралы мәлімет жариялаған болатын.
Аталған мәселе бойынша шұғыл комиссия құрылып, «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясының инспекторы Хибасов Арыстан Сахиевич, Мұнайлы аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қонысбаева Гүлжанат, аудан әкімінің кеңесшісі, «Маңғыстау адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің Мұнайлы аудандық филиалының төрағасы, аудандық сайлауалды штабтың төрағасы Ондабаев Қалнияз, «Маңғыстау жылу» МҚК директоры Қазақбаев Бекбол және сол мекеменің арнаулы мамандары, Дәулет ауылдық округінің әкімі Беков Нұрберді Әндірұлы барып, тексеру жұмыстарын жүргізді.
Мұқтарқызының су келмей тұр деп айтып отырғаны Дәулет ауылдық округі 6-орам, №1 үйде орналасқан әкесі Ниязов Мұқтар ақсақалдың үйі екен. Тексеру барысында «Маңғыстау жылу» МҚК маманы аталған мекенжайдың ауласының сыртында орналасқан су өлшеуіші орнатылған құдыққа түсіп, қарап, аудандық орталық су желісінен су үздіксіз келіп тұрғандығын анықтады.
Орталық су құбырынан Мұқтар ақсақалдың өз ауласының ішінде орналасқан құдығына дейін жалғап қойған пластик тұрба жылы оралмай, ашық жатқандықтан, бойы қатып қалып, құдығына су ақпай тұрғандығы анықталды. Мамандар тұрбаның бойында қатып қалған судың сыртынан ыссы су құйып, тұрбаны жылытқанда, су ағып тұрғаны белгілі болды.
Мұқтарқызы Орынгүлдің қаперіне:
1.Жеке үйлердің ауласының ішіндегі кемшіліктерді қалыпқа келтіру - әр тұрғынның міндеті.
2. Сіздің фейсбук желісінде жариялаған ақпаратыңызға қарасақ, бүкіл Дәулет ауылдық округіне су келмей тұрғандай болып жарияланған. Бір мәселені көтермес бұрын оның анық-қанығына көз жеткізіп алып, жариялаған заңды болады.


