Техникалық реттеу және метрология саласындағы өнімнің өндіру өмірлік циклі
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму минисрлігі техникалық реттеу және метрология Комитетінің Павлодар облысы бойынша Департаменті» РММ «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ және «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Павлодар филиалымен бірлесіп «Павлодар» арнайы экономикалық аумақ, Индустриалды Картасына, Павлодар облысы кәсіпкерлікті қолдау картасына кіретін Павлодар облысының кәсіпкерлер мен ұйымдармен отырыс өткізді.
Кенес барысында сөз сөйледі:
Алибаев А.К. – «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Павлодар облысы бойынша Департаментінің» РММ басшысы «Метрология және сертификаттау, техникалық реттеу саласындағы Негізгі нормативтік құжаттар» тақырыбын баяндады.
Исина Р.А. – «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Павлодар филиалының директорының м.а., «Қазақстан Республикасы аймағында қолданатын нормативтік құжат. 2018-2020 жылдарға арналған мемлекеттік стандарттау жоспарын қалыптастыру» тақырыбын баяндады.
Айтуганова А.Т. – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Павлодар облысы бойынша Департаментінің» РММ бас маманы, «Өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттау, салыстырып тексеру және калибрлеу Өзара тану туралы келісім мақсатында сынақ нәтижелерін типін бекіту» тақырыбын баяндады.
Отырысқа келесі мемлекеттік органдарының өкілдері және ңәсіпорындардың басшылары мен мамандары қатысты: «Павлодарский нефтехимический завод» ЖШС, «Евроазиатская энергетическая корпорация» АҚ, «Каустик» АҚ, «Казэнергокабель» АҚ, «УПНК-ПВ» ЖШС, «Павлодарский завод трубопроводной арматуры» ЖШС, «KAZMinerals Bozshakol» ЖШС, «Проммашкомплект» ЖШС, «Павлодарский машиностроительный завод» ЖШС, «Giessenhaus» ЖШС, «Костамар» ШҚ, «Павлодар-Водоканал» ЖШС, «Казбитумсервис» АҚ, «KSP Steel» ЖШС, «Управляющая компания СЭЗ «Павлодар» АҚ , «Металлогамма» ЖШС, «МунайАкваХим-ЛТД» ЖШС, «ПО ASCOR» ЖШС, «БО-НА» ЖШС, «Северхим»ЖШС.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жүйесінің Тізіліміне өлшем бірлігін қамтамасыз ету өлшем құралдарын енгізуі бойынша, мемлекетаралық стандарттарды қолдану жөніндегі деген сұрақтар Кеңес барысында кәсіпорын өкілдерінен қойылды.
Бүгінгі танда кәсіпорындарға өнімді шығару барысында, жоспарлау басында және дайын өнімді аяқтау кезінде, өнімнің толық өмірлік циклін білу қажет. Өнімнің сапасы бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен экономиканы дамыту маңызды факторларының бірі болып табылады, осы пікірлер біздің еліміздің экономикалық саясатын ғана емес, басқа да елдерге өте маңызды.
Айтуганова А.Т. – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Павлодар облысы бойынша Департаментінің» РММ бас маманы
