ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

«Тең мүмкіндіктер» жобасын таныстыру

1

2017 жылы 17 ақпанда сағат 15.00-де Қостанай облысының прокуратурасында «Тең мүмкіндіктер» жобасын таныстыру өтті.
Қостанай облысының прокуратурасымен барынша мүгедектерді қорғауға бағытталған «Тең мүмкіндіктер» жобасы әзірленді.
Жобаны іске асыру кезеңі: 2017 жылдың ақпанынан бастап желтоқсанға дейін. Жобаның мақсаты барынша мүгедектерді әлеуметтік қорғау болып табылады. Жобаның міндеті қоғамға мүгедектерді жан-жақты етене араласуы үшін мүмкіндіктерді ұсыну, тәуелсіз өмір салтын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау, заңнамада ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Жобаның стратегиялық бағыты:
  • мүгедектердің тұрмыстық, қоғамдық, кәсіби қызметінде қабілетін қалпына келтіру, конституциялық құқықтарын толық іске асыру және олардың қоғамға етене араласуын жеделдету;
  • әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне мүгедектердің кедергісіз қолжетімділін қамтамасыз ету үшін жағдай құру;
  • мүгедектерді жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыруда жәрдемдесудің белсенді нысандарын дамыту.
Жобамен мүгедектердің өмір сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар іс-шаралар қарастырылған.
Жобаны іске асыру барысында мынадай проблемаларды шешу күтілуде:
  • мүгедектердің аса маңызды проблемаларын анықтау және олардың шешімі;
  • мүгедектердің құқықтық мәдениетін арттыру;
  • мүгедектердің еңбек құқықтарын қорғау және жұмысқа орналастыру;
  • мүгедектердің әлеуметтік оңалту деңгейін арттыру және қоғамның барлық салаларындағы тең қол жетімділікті қамтамасыз ету;
  • жағдайды талдау, ұсыныстарды әзірлеу, бұзушылықтарды жою.