Тазалық- денсаулық кепілі,тазалық өзіңнен басталады
Сенбілік-туған өлке табиғатының әдемілігі мен сән-салтанатын арттыратын, тазалығы мен тәртібін қалыптастыратын игі үрдістің бірі. Осындай игі шараларға аудан тұрғындары бей-жай қарамай ,жастардың белсенділік танытып ат салысуы өте маңызды мәселе. Себебі, өскелең ұрпақ сенбіліктей игі бастаманың маңыздылығымен қоса күнделікті өмірде жүріп-тұру, демалу барысында әрдайым тазалық сақтап жүру керектігін, және оны өзгеге үлгі ету сынды жағымды істері арқылы табиғат анаға, туған өлкеге деген ықылас-ниетін құрметін білдіру екенін санасына тоқып, тәрбиеленеді. Бүгін осындай тазалық шарасына жүрек қалауымен шыққан ЖасҰрпақҚұрылыс ұжымы "Таза аула-Таза аудан!" ұранымен сенбілікке шығып, аудан көшелерінің ауласын түрлі қоқыстан тазартуға бел буды. Үлгі болар ұжым бастаған шараның басты мақсаты: Табиғатты қорғау, экологияны қорғаумен жалпы қала тұрғындарының назарын тазалық жұмыстарына аудартып, тазалық өзімізден ғана басталатыны сана-сезіміне құя отырып , олардан қаламызды көркейтуге, табиғатты аялауға шақыру. Игі бастама жалғасы Жылыой аудандық мәдениет бөлімі ұжымына жолданады!!!📷📷📷📷 #табиғаттықорғаубіздіңбастыміндетіміз #тазааулатазааудан #құттымекенКеңЖылыой
