Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Таза сессия» акциясы аясында студенттермен кездесу өткізілді

2019 жылдың 4-5 желтоқсан күндері Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде «Таза сессия» акциясы өткізілді.

Шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінің бас маманы Р.Ғ.Мұратов, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ә.Ө.Салиева, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының «Жүрек» бағытының координаторы Н.Н.Қыдыралина және «Jas Otan» жастар қанатының БҚО филиалы төрағасы Н.Қ.Жолдасқалиев қатысты.

Шара барысында бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және парасаттылықты қалыптастыру мәселелерінде екендігін атап өтілді.

Сонымен қатар, шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және оны көтеру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алу мәселелері, сонымен қатар «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және арнайы мониторингтік тобы жұмысының негізгі бағыттары жөнінде түсіндірді.

1
0
341

Осы тақырып бойынша

«Таза сессия» акциясы аясында студенттермен кездесу өткізілді - Yvision.kz