«Таза сессия» акциясы аясында Батыс Қазақстан инженерлі-технологиялық университеті оқытушыларымен кездесу

2015 жылдың 20 мамыр күні облыста өтіп жатырған «Таза сессия» акциясы аясында Батыс Қазақстан инженерлі-технологиялық университеті оқытушыларымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Департаменттің Мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактика басқармасының басшысы А.Жұбаныш, консультанты Е.Төлепқалиев және сотқа дейінгі тексеру басқармасының тергеушісі Р.Утешов қатысып, 2015-2015 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын, ҚР қылмыстық және әкімшілік кодекстарына енгізілген өзгерістер туралы дәрістер оқылды.
Дөңгелек үстел өту кезінде оқытушылар өз ойларындағы сұрақтарын қойып, оларға толық жауап алды.
