Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Таза ауыз сумен қамтимыз

Қазіргі таңда Кентау қаласы және оған қарасты ауыл округтері бойынша 38 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етілген (99,7%). Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 468,9 шақырымды құрайды.

Біз 2025 жылы аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз ету міндетін қойып отырмыз.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

- 2022-2024 жылдары 4 шағын елді мекенде (Ойық, Егізқара, 32 разъезд, Қаратөбе) локальды су жүйелерін шешуге;

- ауылдық округтердегі елді мекендердіе 2021 жылы толықтай таза ауыз сумен қамтамасыз етуге;

- елді мекендерді 24 сағат таза ауыз сумен қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Нәтижесінде кентау қаласы және оған қарасты ауыл округтері толық 100% таза ауыз сумен қамтылады.

0
0
129

Осы тақырып бойынша

Таза ауыз сумен қамтимыз - Yvision.kz