Тайынша ауданының жастарын сыбайлас жемқорлық сипаттарына «нөлдік төзімділікті» қалыптастыруға шақырды

Ағымдағы жылғы 23 шілдеде СҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің бастамасымен «Тайынша ауданының жастар бастамалары орталығы» КММ қоғамдағы жемқорлық сипаттарына «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру бойынша семинар өткізілді.
Семинарға ауданның мемлекеттік органдарының жас қызметкерлері, жас кәсіпкерлер, этно-мәдени орталықтар, қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері мен жастар қатысты.
Кездесуде 2015-2025 жылдарға арналған ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі ұғымдары, мемлекеттік қызметке өту тәртібі, сонымен қатар жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдістеріне жастардың көзқарасы талқыға салынды.
Іс-шара барысында сауалнама жүргізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы слайдтар мен бейне роликтер көрсетілді, бұған қоса ақпараттық үнпарақтар таратылды.

