Тайпақ ауылында - канвассинг
Дәл қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан сайлау науқанында көптеген шаралар мен акциялар, тұрғындармен бейресми кездесулер ұйымдастырылуда. Мақсат – сайлаудың белсенді, әрі ашық өтуі үшін халықтың ақпараттық білімін арттыруға үлес қосу. Сондай шаралардың бірі –канвассинг.
«Сайлау» - бүгін пайда болған ұғым емес, ол тарихымыздан бері келе жатқан саяси үрдіс. Бұл ретте аға-буын өкілдерінің ойы мен белсенді араласып, қолдау көрсетуі - өте маңызды. Яғни, аталмыш шара мақсаты – өңірдегі құрметті азаматтардың, ағартушы-ардагерлердің үйіне барып, өзара рухани сұқбат алаңын ұйымдастыру.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылында болып, ауданның құрметті азаматы, партия ардагері Дошаев Болат ағамыздың үйінде болды.
Үміткерлер қазіргі таңда, орын алып жатқан сайлау науқаны туралы айтып, партияның сайлаудағы ұстанымдарымен бөлісті.
#bizbirgemiz #nurotan #nurotanbqo
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
Преодолев испытания, победим вместе!
