"Таушық ауыл шаруашылығы" серіктестігі ұжымымен кездесу
Бүгінгі сапарымызды Түпқараған ауданы, Таушық ауылынан бастадық. Маңғыстаудың талай марқасқалары, мемлекет қайраткерлері: Әбіш Кекілбаев, Ләззат Қиынов, Зейнулла Алшымбаев; ғалымдар: Нұн Жұбаев, Мекерия Атымов, Жұмат Тілепов, Берекет Жұмалиев және басқалар шыққан ауыл. Ұстаз Шоңқалов Торғайдың математикадан "кішкентай" 3 деген бағасын алған талай түлек, Алматыдағы жоғары оқу орындарында 5 деген бағаға оқыған. Бұл ауылдың Маңғыстауға бергені көп, әлі де берері бар.
Осы ауылды ұйытып отырған "Таушық ауыл шаруашылығы" серіктестігі ұжымымен кездесіп, ауыл ақсақалдарымен әңгімелестік. Кездесуге аудандық мәслихат депутаттығына үміткер, кластасым, ауылдың аға дәрігері Ғабит Шәудірбаев қатысты.
Nur Otan партиясының сайлау алды бағдарламасын талқыладық. Кезінде совхоз директоры қызметін атқарған Бақтыбай ағамыз Шетпедегі шебін карьерлерінің экологиялық ахуалы жөнінде сұрақ қойды.
Ауыл ардагерлер төрағасы Түгелбай ағамыз: "Мандат алып жатсаң тек үндемей қалма, елдің жағдайын айтып жүр"- деген ұсыныстарын айтты.
Ғабит: "Шетелдік кадрларды әкелу мәселесін азайту қажет" деді.
Жүнбасов Амангелді: "Мен сені іздеп жүр едім, қайда екен деп. Үлкен қызметтерді атқара алатын елдің азаматтарының бірісің. Мәжіліске депутат болып сайланып жатырсаң, халықпен жиі байланысып, жоғары жаққа халықтың мәселесін жеткізіп отыр" - деді.
Кездесу соңында ел ағалары ақ жол тілеп, батасын берді.
#NurOtan
Nur Otan Маңғыстау облысы
Nur Otan Aktau
#edilzhangbyrshin

