«Тауардың сапасы мен қауіпсіздігі» - әрқашан өзекті
Отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оның халықаралық нарыққа қол жеткізуі - қазақстандық экономиканың тұрақтылық шартының бірі. Қазақстан дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруге дайындалуда. Сауда-саттықтың техникалық кедергілеріне қатысты ДСҰ нарығы мен ДСҰ-ның негізгі талаптары ол халықаралық стандарттардың ұлттық ережелерді дайындауда негіз болуы.
Экономиканың қарқынды дамып келе жатқан секторларының бірі – бүгінгі күнде республикада толық ырықтандырылған сауда болып табылады. Саудада, экономиканың басқа салаларындағы сияқты, тұтынушылық нарықтың дамуына әсер етпейтін жоғары кәсіпкерлік белсенділік қалыптасты. Қазіргі уақытта тұтыну нарығы қанықтылықта салыстырмалы түрде жоғары, тұтыну тауарларының жетіспеушілігі байқалмайды, сатылым мен қызмет көрсетудің нарықтық шарттары нығайтылды, ең бастысы сатып алушылардың қажеттіліктері мен сұраныстарына аударылды. Шетелдік тауар өндірушілердің тауарлары мен қызметтері үшін ашылған ішкі нарық, олардың ауқымы, номенклатурасы кеңейіп, өнімнің жаңару қарқыны жеделдей түсті. Сонымен қатар, тұтунышылардың сапаға деген сұраныстары артып келеді.
Адамдар күн сайын азық-түліктерді сатып алу мен тұтынуға тап болады, сондықтан олар 1999 жылдың 01 қазаннан бастап, тұтынушыларға тамақ өнімдері туралы ақпаратқа қойылатын талаптарды қамтитын ҚР 1010-99 «Азық-түлік өнімдері. Тұтынушыға арналған ақпарат. Жалпы талаптар » СТ мемлекеттік стандарттар әрекетке еңгізілді. Ол келесі ақпаратты қамтуы тиіс: өндірушінің атауы, орналасқан жері (заңды мекенжайы), ораушы, экспорттаушы, импорттаушы, елдің атауы және шыққан жері; таза салмағы, өнімнің көлемі мен саны; өнімнің құрамы; тағамдық құндылығы; өнімді дайындау және пайдалану жөніндегі ұсынымдар; сақтау шарттары; жарамдылық мерзімі; дайындау күні (қаптамасы); нормативтік немесе техникалық құжатты белгілеуі; тамақ өнімдерін сертификаттау туралы ақпарат; штрих коды (мемлекеттік лицензия бойынша өнімдерді өндіру туралы ақпарат болған жағдайда).
Тауар туралы жоғарыда аталған ақпараттың болуы тауарларды өндіретін немесе оны Қазақстан Республикасының аумағына сатуға әкелетін тұлға арқылы қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының аумағында жеке және заңды тұлғалар өндіретін, әкелетін және сататын тамақ өнімдері стандарттау, санитарлық, ветеринарлық-санитарлық, фитосанитарлық нормалар мен ережелерге, сондай-ақ басқа да техникалық регламенттерге, нормативтік құжаттарға қойылатын талаптарға сәйкес келуге тиіс.
1999 жылдың 16 шілдесінде сертификаттаудың негізгі мақсаттарын анықтайтын «Сертификаттау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды:
- халықтың өмірі, денсаулығы, азаматтардың меншігі мен қоршаған ортаны қорғау үшін өнімдер мен қызметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- өнім мен қызмет сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
- ішкі және сыртқы нарықтардағы өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.
Қазақстандық нарықта өнімнің сәйкестігі міндетті сертификаттау және сәйкестікті декларациялау арқылы расталады. Ең қауіпті өнімдер міндетті сертификаттауға жатады.
Міндетті сертификаттауға жататын өнімнің тізбесі 2000 жылдың 29 қарашадан Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1787 қаулысымен бекітілген, сонымен қатар Үкіметпен міндетті сертификаттауға жататын өнімдер мен қызметтер тізімі бекітілді. Сондықтан осы тізімге енгізілген өнімдер сәйкестік сертификатымен ғана өндірілуі тиіс.
Қазақстан Республикасының заңнамасында тұтынушының тауар туралы толық ақпарат алу құқығы қарастырылған. Тұтынушыға арналған ақпарат, тамақ өнімдерін таңбалауға қойылатын талаптарды ескере отырып тікелей тамақ өнімдерінің мәтінімен, тұтыну қаптамасындағы дәстүрлі таңбалар мен үлгілері, қарсы таңбалау, кірістіру парағы, жапсырмалар және т.б. болуы тиіс.«ҚР тілдер туралы» Заңында ішкі нарыққа шығатын барлық өнімдердің міндетті түрде екі тілде, қазақ және орыс тілдерінде ақпараттын толық болуы туралы талап белгіленген.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және республикаға әкелінетін тауарлардың стандарттар немесе өзге де нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі 2000 жылғы 1 сәуірден «Тауар таңбаларының (тауар белгілері) ақпараты мемлекеттік және орыс тілдерінде белгілену талаптары туралы» Үкім қабылданған, осыған сәйкес этикеткаларда (этикеткалар, пакеттер, нұсқаулар және т.б.) ақпараттың мемлекеттік және орыс тілдерінде белгіленбеген жағдайда өнімді сатуға тыйым салынады.
Бүгінгі күнде нарықта және бөлшек саудада сатылатын тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты мәселелер өзекті болып қала береді.
Бағыттардың бірі Петропавлдағы көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындарында өнімдерді сату (өткізу) сатысында стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін тексеру болып табылады. Тексеру нәтижелері субъектілердің «Сертификаттау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзғанын көрсетті. Қарапайым ережелер бұзылған: ғимараттың қасбетінде орналасқан белгінің болмауы, кәсіпорынның жұмыс режимін көрсететін жазбаның болмауы. Кәсіпорын белгіленген жұмыс режимі мен тауар профилін сақтауға міндетті. Сауда қызметтері оларды жеткізу процесі әлеуметтік мақсаттарға, функционалды жарамдылыққа, эргономикаға, эстетикаға, өндіруге, қауіпсіздігіне, қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес болуы керек. Тексеру барысында жиі анықталады:
- сату мерзімінің өтіп кеткен (жарамдылық мерзімі) өнімдерін сату;
- Таңбалауда мемлекеттік тілде жазылуының жоқтығы
- Тексерілмеген өлшеу құралдары
- міндетті сертификаттауға жататын өнімге сәйкестік сертификаттарының жоқтығы
Бұзушыларға әкімшілік айыппұл салынады, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекс бас мемлекеттік инспекторымен белгілеген әкімшілік санкциялары, жеке тұлғалар үшін 5-10 АЖК, лауазымдық тұлғалдарға 50-ден 100 АЖК, заңды тұлғалар үшін - 200 АЖК көзделеді.
Заңдарды білмеу жауапкершіліктен босатпайды, сондықтан да бұл қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлер нормативтік құжаттардың талаптарын және сертификаттау ережелерін сақтағанын қалар едік.
Толық ақпаратты алу және төмен сапалы өнімдерді саудалау туралы қолда бар ақпаратпен Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 107 мекен-жайына хабарлауыңызға болады.
Тел. 8(7162) 25-57-89
Жандинова Айгерим Искинеевна - ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бас маманы - Ақмола облысының мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы
