Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тасарық ауылдық клубында кездесті

Төлеби аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Н.Әжібаев, Ә.Катаев және М.Ермаханбетова "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында Тасарық Бастауыш партия ұйымының мүшелерімен Тасарық ауылдық клубында кездесті.

Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының басты бағыттары түсіндіріліп, партия мүшелерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Партия мүшелері өз кезегінде еліміздің жетекші саяси күші "Nur Otan" партиясына барынша қолдау көрсететінін айтты.

Бұл кездесудің басты мақсаты - партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру. Үміткер М.Ермаханбетова кездесуде қатысушыларды 10 қаңтар күні "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды. Ол сондай-ақ ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға және ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар туралы айтты.

«Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының баспасөз қызметі.

2
0
165

Осы тақырып бойынша

Тасарық ауылдық клубында кездесті - Yvision.kz