Тасқала ауданының мемлекеттік мекемелерінің персоналды басқару қызметінің қызметкерлерімен семинар өткізілді
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша Департаментімен Тасқала ауданының мемлекеттік мекемелерінің персоналды басқару қызметкерлерімен «Е-қызмет» ықпалдастырылған автоматты жүйесінің облыстық мекемелерде автоматтық режимде жүргізу бойынша семинар кеңес өткізілді.
Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Н.Ильясов «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін автоматтық режимде жүргізу» туралы және бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері туралы баяндама жасады.
Семинарға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, олардың барлығына қажетті жауаптар қайтарылды.
