Тасқала ауданындық мемлекеттік қызметшілерге аттестаттау өткізудің тәртібі түсіндірілді
2017 жылдың 31 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Ә. Исақов «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттау сұрақтары бойынша көшпелі семинар және аудан тұрғындарына қабылдау өткізді.Семинар жұмысына аудан әкімінің аппараты, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарының, орталық мемлекеттік атқарушы органдардың қызметшілері, сондай-ақ прокуратура және сот органдарының мемлекеттік қызметшілері қатысты. Өз сөзінде Б.Ә. Исақов бүгінгі күні Қазақстанда мемлекеттік қызмет жүйесі жаңғыртылғандығын, ал мансаптық модельге өту тек қана конкурстық негізде жүзеге асырылатындығын және қазақстандық модельдің басты құндылығы – ол мемлекеттік қызметте мансап құруға лайықты азаматтарға әділ әрі шынайы әлеуметтік сатыны қамтамасыз ету екендігін атап өтті.Сондай-ақ, ол «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші институционалды реформасын жүзеге асыру шеңберінде, кәсіби мемлекеттік аппарат құру бойынша биылғы жартыжылдықта «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері кешенді аттестаттаудан өтетіндігін баяндады. Аттестаттау негізгі екі бағытта жүзеге асырылады. Біріншіден, «Б» корпусындағы қызметшілердің кәсіби деңгейін тексеру, ал екіншіден олардың қызметтегі дамуы мен көтерілуге әлеуетін анықтау болып табылады.Көшпелі кездесу кезінде Департамент басшысы аудан мен ауылдардың тұрғындарына қабылдау өткізді. Азаматтардан келіп түскен өтініштер мен ұсыныстарды тыңдап, әрі қарай оларға нақты түсініктер берді. #Аттестациялау #Орал #2017жыл #Исаков
