Тасқала ауданындағы жол сапасы бақылануда
2020 жылдың 14 қазанда жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасын іске асыру шеңберінде «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК облыстық филиалының мамандары, БҚО жолаушылар көлігі автомобиль жолдары басқармасының өкілдері, «Ақжайық – адалдық аланы» жобалық кеңсесі, қоғам және БАҚ өкілдерімен бірлесіп Тасқала ауданы бойынша жүргізіліп жатқан 6 объектісіндегі жол жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізді.
Мерей ауылына кіреберіс жолының (0-13км) учаскесінде келесі олқылықтар анықталды: бас мердігер атқару құжаттамасын Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес журналдарда ресімделмеген, толтырылмаған позициялар бар, орындалған жұмыстарға атқарушы және жауапты тұлғалардың қолдары жоқ.
Тасқала ауылы Қ.Сәтпаев, Керей хан, Жәнібек хан, С. Сейфуллин, Б. Момышұлы және Қ. Аманжолов көшелеріндегі автомобиль жолдарының күрделі жөнделуіне мониторинг жүргізу барысында келісі анықталды. С.Сейфуллин көшесінде техникалық қадағалаудың рұқсатынсыз дайындалмаған негізге ыстық ірі түйірлі асфальтбетон қоспасынан асфальтбетон жабынының төменгі қабатын орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұл ретте техникалық қадағалау өкілінің өзі жұмыс өндірісінің барысы мен объектідегі жағдайды толық білмейді.
Тасқала ауылы Скоробогатов көшесіндегі автомобиль жолын күрделі жөндеу учаскесінде мердігер мынадай түрде атқару құжаттамасын ұсынған жоқ: жасырын жұмыстар актілері, сәйкестік сертификаты және жөндеу кезінде пайдаланылатын жол-құрылыс материалдарына зертханалық қорытындылар, көлденең еңістерді, қалыңдығын, енін өлшеу ведомосы.
«Тасқала-Аққурай-Болашақ а/ж учаскесінде орташа жөндеу-гр. РФ» 48-96 км мердігер жол жиектерін нығайту бойынша жұмыстар жүргізуде, бұл ретте мердігер ҚР СТ МЕМСТ сәйкес қиыршықтас-құм қиыршықтас қоспаларына бекітілген құрам таңдауды ұсынбаған.
«Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК облыстық филиалының мамандарымен тиісті сараптама үшін керн сынамасына іріктеу жүргізілді.
Осы жобаның міндеттерінің бірі белсенді азаматтық ұстанымы бар қоғам мүшелерімен өзара іс-қимыл кезінде жол құрылысының барысын қоғамдық бақылауды және ашықтықты қамтамасыз ету болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кез келген азамат 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлай алады.
