Тасқала аудандық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық Кеңес отырысы өтті.
Тасқала аудандық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық Кеңес отырысы өтті. Ағымдағы жылдың 29 наурыз күні аудандық мәслихат депутаты, Кеңес төрағасы Ж.Бисенгалиеваның, кеңес мүшесі Н.Мусеновтың, Н.Курмышеваның, Н.Ғаббасовтың және аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары А.Каримовтың, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның аудандық филиалының директоры Д.Ибраимовтың қатысуымен «Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық Кеңес отырысы өтті. Отырысты Кеңес төрағасы Ж.Бисенғалиеваға ашып, аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары А.Каримовтың Тасқала аудандық полиция бөлімінің «AMANAT» партиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру жөніндегі есебі тындалды. Сонымен қатар, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның аудандық филиалының директоры Д.Ибраимовтың газбен жабдықтау туралы заңға сәйкес, шарттағы тараптардың атап айтқанда, газды жеткізуші мен тұрмыстық тұтынушылардың арасындағы құқықтары мен міндеттері туралы мәліметі тындалды. Отырыс барысында Кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тұрғындардың көкейінде жүрген бірнеше сауалдарын қойып, баяндамашылар тарапынан тиісті жауаптарын алды.
