Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Тарих толқынындағы Елбасы"

"Тарих толқынындағы Елбасы"

1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні болып белгіленген. Бірқатар дамыған елдерде Президент күні ұлттық мереке болып табылады. Қазақстанда да жаңа дәстүр қалыптасуда.

Сырт көзге Кеңестік елдің экономикасы өте берік көрінетін. Ал шын мәнінде, экономика, Кеңес мемлекетінің әлеуметтік өмірі тоқтаусыз дағдарысты бастан кешіріп, қиын жағдайды өткеруде еді. Жылдар бойы шешілмеген әлеуметтік проблемалар, күнделікті тауарлар мен азық-түлік тапшылығы орын алды. Экономикадағы сәтсіздік халықтан жасырылып, статистикалық мәліметтер шынайы жағдайды көрсетпеді.

Тарихшылар салыстыруды жақсы көреді. Олардың есебінше, 1917-1947 жылдар аралығында, яғни 30 жыл ішінде Кеңес Одағын жаңғырту сылтауымен 50 млн адам өмірі қиылды, оның ішінде 28 млн-нан астамы Ұлы Отан соғысы кезінде қаза болған. Еліміз аштық, ГУЛАГ жүйесі, өзгеше ойлауды қудалау сияқты тар заманды бастан өткерді.

Сол секілді 30 жыл ішінде Қазақстан қан төгусіз, аштықсыз терең жаңғыртулар жүргізіп, тиімді және іс-әрекетке қабілетті мемлекет құрды.

Осы жетістіктердің барлығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы және оның серіктерінің салиқалы саясатының арқасында мүмкін болып отыр.

Тәуелсіздікті алғаннан гөрі оны сақтау қиынырақ. Осындай үлкен жауапкершілікті ала отырып, барлық адамның көңілінен шығу мүмкін емес. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Халыққа қызмет етуден өзге, менің басқа тағдырым жоқ», - деген болатын. Сонымен бірге, оның осы сөздерімен үндесіп жатқан істері оның бүкіл Қазақстанға шексіз қызмет етуінің жоғары дәлелі болып табылады.

2019 жылы 19 наурызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев арнайы телехабарларда «...бүгінгі үндеудің маңызы зор. Мен Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілеттігімді тоқтату жөнінде шешім қабылдадым» деп мәлімдеді. Бұл ретте Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы, ҚР Конституциялық Кеңесінің өмір бойы мүшесі, «Nur Otan» партиясының Төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы лауазымында қалды.

0
0
130

Осы тақырып бойынша

"Тарих толқынындағы Елбасы" - Yvision.kz