«Тарих толқынында»
«Жортуылда жолындағының бәрін жайпайтын, дала дауылындай екпінді де тегеурінді Кенесары хан ешбір бөгет алдында кідірмейтін, қайта кездескен кедергі оның қайрат-жігерін жанып, өршелендіріп жіберетін». Әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837-1847 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі Кенесары хан туралы орыс тарихшысы Н.Н.Середа өз зерттеулерінде осылай деп жазды.
Кенесарының тұлғалық бейнесі туралы «Тарих толқынында» бағдарламасын 19.00-де Ұлттық арнадан тамашалаңыздар.
