Тарих пен мәдениеттің дамуы
Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Нәкеш Әлібек «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында ауыл ақсақалдарымен кездесіп қайтты. Кездесу барысында Сайлауалды бағдарламасындағы дамудың 7 бағытының ішінде 5 бөлімі ТАРИХ ПЕН МӘДЕНИЕТТІҢ ДАМУЫ-на толық тоқталып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Дамудың 7 басымдықтары. Олар:
1.Экономикалық тұрақты аудан.
2.Өмір сүруге жайлы аудан.
3.Әлеуметтік-бағытталған аудан.
4.Жастар үшін аудан.
5. Тарих пен мәдениеттің дамуы.
6. Ашық және есеп беретін жергілікті органдар.
7.Қауіпсіз аудан.
“Nur Otan” партиясы рухани жаңғыруы мен ұлттық санасын жаңарту идеясын, біздің қоғамның бірегейлігін анықтайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен арттыру ”Рухани жағыру” идеясын қолдайды. Бүгінде ауданда бірлікті, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайтуға зор үлес қосатын 20-дан астам ұлт өкілдері тұрады..
Бірлік пен келісімді сақтау үшін “Nur Otan” партиясы:
- Жыл сайын кем дегенде 1700 мәдени іс-шараны, оның ішінде онлайн форматта ұйымдастыру;
- “Бақытты отбасы” партиялық жобасы аясында отбасының рөлін арттыратын және отбасылық құндылықтарды нығайтатын түрлі акциялар мен спорттық шараларды іске асыру;
- “Берекелі шаңырақ” жастар жобасы аясында Аналар кеңестерінің жұмысына жағдай жасау;
- Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, Қазақстан халықтарының тілдерін дамыту;
- Ауданның танымал жерлестерінің шығармаларын насихаттау;
- Айтыс өткізу және ұлттық спорт түрлерін (тоғыз үмалақ, асық ату, ат спорты және т.б.) насихаттау арқылы патриотизмді нығайту;
- Қасиетті және маңызды жерлерге өлкетану экспедицияларын ұйымдастыру;
- Сакралды орындарды абаттандыру (Исатай батыр кесенесі, Әлия Молдағұлова мұражайы);
- Тақырыптық шаралар өткізу,оның ішінде Қазақстан халқының бірлігі күні, арқылы ұлттық біртектілікті және ұлттың мәдени кодын сақтауды қалыптастыру;
- Жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында тарихи мұраны танымал ету бойынша жобаларды жүзеге асыру (Қобыланды батыр эпосын жатқа айту, Ә.Молдағұловаға арналған шығармаларды айту бойынша байқаулар);
- 2021 жылы Қобда ауылында тарихи-өлкетану мұражайын салу және мәдениет үйін күрделі жөндеу;
- Мерейтойлық даталарға арналған әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды кеңінен насихаттау (Исатай Тайманұлының 230 жылдығы, Ә.Молдағұлованың 100 жылдығы) міндеттерін қояды.

