Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тарихқа тағзым

Міне,бүгін Қызылорда қаласынан тарихқа тағылым жасай келген НЗМ(Назарбаев Зияткерлік Мектебі) оқушыларының Астанадағы төртінші куні де өтті.Сапарымыз Астана қаласынан 17 шақырым жерде орналасқан Алжир қуғын сүргін құрбандарына және олардың отбасылырына арналған мемориалдық кешенге барудан басталды.Онда қуғын сүргін құрбандары жане олардың отбасы,туыстарына арнап орнатылған "Қасірет қақпасы" орнатылған.Сталиндік вагонның үлгісі де осы кешенде бар.
Кешендегі мұражай алдында "Күрес және үміт" "Түңілу мен әлсіздік" композициялары орнатылғын.Бұл композицияларға қарап сол замандағы яғни 19-шы ғасырдағы зиялылардың тағдырының қиындығын отбасыларының мұңы мен үмітін байқауға болады.
Композицияларды тамашалап болғансоң мұражайға бардық.Мұражайда лагердің тарихы,онда жазасын өтеген жазықсыз жандардың өмірі жайлы деректер,заттар сақтлған.
Мұражайды әуелі Алжир лагерінің қалыптасу,құрылу тарихы жайлы деректі фильмін көрсетті.Бұл фильімнен балалармен әйелдердің қалай қиналғанын көрсең жүрегің қанжылайды,көзден жас еріксіз төгіледі.
Лагерь 1938 жылы ашылған.1939жылы Гулагтың құрамына 26шы бөлім болып қосылған.Жалпы аумағы 32 гектар Жалаңаш көліде лагердің аумағына енген.Жазасын өтеушілер осы Жалаңаш көлінің жағалалауында еңбек еткен.Бізге мұражай қызметкерлері айтқанындай айыпталушылармен олардың балалары күніне көл жағалауынан 40 бау қамыс термесе оларды күнделікті берілетін 800 грамм наннан және 2 жылда бір келетін хатты алу құқығынан айырған.Ал жазда жазасын өтеушілер алма терумен айналысқан.Бірде лагер аумағында коян көбиіп,алма ағаштарына зиян келтірген, басшылықтан,жазадан қорққан әйелдер өздеріне берілген нанды кояндарға беру арқылы алма ағаштарын аман алып жазадан құтылған екен.

Бұл жермен байланысты тағы бір халық аузындағы әңгімеге сенсек,бірде көл жағалауында жұмыс істеп жүрген жазасын өтеушілерге жақын маңдағы ауыл халқы
тасқа ұқсас бір зат лақтырады.Жараланған әйелдер бұл заттан ірімшікпен сүттің иісін байқайды.Дәмін татып көргенде бұл заттың құрт екенін біледі.Осылай тұтқындар ауыл
халқының арқасында аштықтан аман қалған деседі.
Бұл лагерьде қазақ зиялыларының гана емес 15 одақтас елдердің ақтаңдақтарының жазаланған.Олар
С.Сейфулиннің әйелі Гүлбаһрам
Б.Майлиннің әйелі Күнжамал
Т.Рұскұловтың әйелі Әзиза
Т.Жүргеновтің әйелі Дәмеш
С.Аспандияровтың әйелі Рабиға
Осылайша ата бабамыздың,халқымыздың басынан өткен қайғылы оқиғаның тарихымен таныса отырып,сол жылдардағы зұлым тағдырдың,ресей өкметінің қаталдығына таңғалып бойымызда өзгеше аяныш сезімі пайда болды.Одан әрі біздің сапарымыз Ұлттық мұрағатта жалғасты.
Мұрағатта біз бірнеше көрме залын араладық.Онда біздің тарихымыздан сыр шертетін құнды қағаздар көп екен.Әсіесе тәуелсіздік алғаннан кейінгі сақталған құжаттар көп.Мұнда көрме тақырыптары ай сайын ауысады екен.Біз мұнда барғанда ашаршылық құрбандары жайлы көрме ашылған екен.Көрме арқылы ашаршылықтан көз жұмған халық санын,сол жылдары болған оқиғалар жайлы білдік.Еліміздің облыстарында сақталып кейн мұрағатқа өткізілген құжаттармен де таныстық.Көрмелерді аралап болған соң мұрағат директоры Марат Оралбайұлымен кездесу болды.Ол кісі бізді алдымен өзі жазған С.Сейфуллин жане Астана жайлы кітаптарымен таныстырды.Кейн әңгіме тарих жайлы өрбіді,ол кісі бізге біз бұрын естімеген Кеңесары Қасымұлы және тағыда басқа хандар жайлы деректер берді.
Марат Оралбайұл патриот кісі екен оның әңгімелері біздің яғни жас ұрпақтың бойындағы рухты оятты.Әңгімесінің соңында ол кісі бізге өзңің жылы лебіздерін білдіріп,батасын беріп бір қуантты.
Бүгінгі күн мен үшін ерекше болды,еліміздің тарихы жайлы естімеген құнды деректер білдім,көрдім.Біздің халыққа бостандық білектің күшімен,найзаның ұшымен келді дейтін аталарымыздың сөзінің бекер емес екенін байқадым.

"Күрес және үміт" "Түңілу мен әлсіздік" композициялары
"Күрес және үміт" композициясы
Алаш зиялылары жазаға дейін және жазадан кейін.
1
0
830

Осы тақырып бойынша