Тарбағатай аудандық филиалының кезектен тыс ХХV Конференциясы өтті
Тарбағатай ауданды бойынша праймериз қорытындысы шықты
Ағымдағы жылдың 11 қарашасында, аудандық Мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясының Тарбағатай аудандық филиалының кезектен тыс Конференциясы өтті. Конференция барысында «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының 2021-2025 жылдарға арналған аудандық сайлауалды бағдарламасы бекітілді, сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының конференциясына қатысушы делегаттар сайланды.
Конференция делегаттары 24 адамнан тұратын партиялық тізімін бекітті. Оның ішінде: әйелдер саны – 30%, жастар саны - 20 % құрады.
Пікірсайысқа қатысушы кандидаттар ауданның өзекті мәселелрді қозғай келе, елді мекендерінің дамуы бойынша бағдарламаларын ұсынды.
Дебат соңында делегаттар «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы жасырын дауыс берді. Дауыс беру қортындысы бойынша, ең жоғарғы дауыс жинаған жерлесіміз Қожахметов Қайрат Қабдешұлы Шығыс Қазақстан облысының мәслихатының депутаттығына үміткер ретінде ұсынылды.
Қазіргі таңда, Тарбағатай ауданы бойынша 1748 партия мүшелері тіркелген.
