Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Танго! Қанша тағдырды қосып, қаншасын айырдың сен?!

ТАНГО ТАРИХЫ

«Танго! Қанша тағдырды қосып, қаншасын айырдың сен?!». Белгілі орыс ақыны Марина Цветаева сезім сиқырына арбайтын Танго биін осылай жырлап өткен екен.  Тарихына үңілсек, бұл мереке «Танго патшасы», аргентиналық әнші Карлос Гарделяның туған күні құрметіне арналған.

Танго (испан. tango) – еркін композициялы, екпінділігімен және ширақ ритмімен ерекшеленетін, жұппен биленетін аргентинаның ұлттық биі.

Тангоның алғаш танымал болып, қанат жайған жері – Аргентина.Кейіннен күллі әлем танитын, сүйсіне билейтін аса танымал биге айналып шыға келді.

Тангоның әуені мен би элементтері бірнеше би түрлерінің, гимнастиканың, конькимен мәнерлеп сырағанаудың, синхронды жүзудің әрекеттерімен аздап ұқсас келеді.

Танго биі Буэнос-Айрестегі африкандық көне билер қоғамдастығыныңарасында да асқан танымалдыққа ие. Өйткені, «танго» сөзі ибибо халқының тілінен шыққан деген пікірлер аз айтылмайды. Африкандықтар бұл бидің алғашында дауылпаз дыбысына сүйемелдеумен шығарылғандығын айтып, тангоны өздерінің билері деп есептейді.

Жалпы, «танго» сөзі 1890 жылдары кеңінен қолданыла бастады. Би алғашында көп бидің бір түрі ғана болғандығымен, біршама уақыттан кейін дараланып шығып, қоғамда жоғары мәртебеге ие болды.

ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында Буэнос-Айрестің бишілері мен оркестрлері тангоның құдіретін паш ету үшін Еуропаға аттанады. Ең алғашқы таныстыру кеші Париж қаласында өткізіледі де, кейіннен Лондон, Берлин сынды көптеген астаналарда көңілді би кештері ұйымдастырылады. 1913 жылы АҚШ, Финляндия жерлерінде өткен көрсетілімдер танго тарихында алтын әріптермен жазылатын сәт еді.

Осы күннен бастап тангоның аты кең жайыла бастады. 1930-1950 жылдар тангоның «алтын ғасыры» деген атаққа ие болды. Бұл кезде Аннибал Тройло, Освальдо Пульезе, Астор Пьяццолла сынды тұлғалар негізін қалаған бірнеше ансамбльдер құрылды.МІНЕКИ, ТАНГО БИІНІҢ ТАРИХЫН ДА БІЛДІК.

Эстетикалық иірімі мен әсем ырғағы басым бұл би неге спорт түріне жатады? Себебі, би - көп энергия мен күшті талап етеді. Ал, біздің ДЕБЮТАНТТАР ТАНГО БИІНЕН ҚАНДАЙ ӘСЕР АЛУДА? ТАНГО ІШКІ МІНЕДЕРІҢІЗДІ АША БІЛДІ МЕ? ДОСТАР, ОЙЛАРЫҢЫЗБЕН БӨЛІСІҢІЗДЕР)))

 
0
4
2022

Осы тақырып бойынша

Танго! Қанша тағдырды қосып, қаншасын айырдың сен?! - Yvision.kz