Тамыз педагогикалық кеңесінің секциялық жұмысы өтті
2017 жылдың 16 тамыз күні Орал қаласы білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен №42 «Ақ ниет» гимназиясында «Тәрбиенің тұжырымдамалық негізіне сәйкес жалпы білім беретін мектепте тәрбие үдерісін ұйымдастырудың заманауи амалдары» тақырыбында мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасалары, мұражай жетекшілеріне арналған тамыз педагогикалық кеңесінің секциялық жұмысы өтті.
Секция отырысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру», «Мектептегі тәрбие жұмысының ұйымдастырудағы қамқоршылар кеңесінің рөлі», «Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру», «Мектеп клубы – тәрбие жұмысын іске асыру мен ұйымдастыру формасы ретінде», «Тәрбие жұмысының моделі», «Мектеп мұражайының қызметі», «Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда әлеуметтік тәжірибелер мен жобалардың маңызы» тақырыптарында баяндамалар оқылды.
Шараға ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин қатысып, баяндама оқыды. Іс-шара барысында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бейнероликтер көрсетілді.
