Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Талдықорғанда дәстүрлі «Жүректен жүрекке» жобасының байқауы өтті

Талдықорғанда дәстүрлі «Жүректен-жүрекке» жобасының кезекті байқауы өтті. Оған Алматы облысының аудан-қалаларынан 50-ге жуық үміткер қатысты. Барлығы да мүмкіндігі шектеулі жастар.  «Басты мақсат – олардың өмірге деген құштарлығын арттырып, өнерге бейімдеу, ерекше қабілеттілерін көпшілікке таныстырып, сахнаға шығару», - дейді байқауды ұйымдастырған облыстық «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері. Бес кезеңнен тұратын байқаудың алғашқы сайысы спорттық ойындарға арналса, одан кейінгі бәсекелер сурет салу, қолөнер бұйымдарын жасау, би және ән шырқау бойынша жалғасты.   Нашар еститін және саңырау балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың командасы байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды. Ал жеке аталымдар бойынша үздік деп танылғандарға дипломдар тапсырылды.  Роза Ақжаркенова, Қазылар алқасының мүшесі -Таланттар өте көп. Бүгін сол таланттың бірін көрдім. Мынаның ішінде отырғандар келешекте біздің жарқын жұлдыздарымыз бола ма, олар келешекте байқауға бара ма деп ойлайсың. Мына балалар елге шықса екен, жұртқа шықса екен. Төрт қабырғаға қадалмай осы елдің арасында болса екен деп үміттенем.

Источник: http://khabar.kz/kz/zha-aly-tar-50/o-am/item/15049-zhurekten-zhurekke-zhobasynyn-kezekti-bajkauy-utti
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.khabar.kz

1
0
728

Осы тақырып бойынша

Талдықорғанда дәстүрлі «Жүректен жүрекке» жобасының байқауы өтті - Yvision.kz