Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Талдықорған қаласында облыстық партия филиалының XXVIII есеп беру-сайлау конференциясы

13.05.2021 жылы Алматы облысының орталығы, Талдықорған қаласында облыстық партия филиалының XXVIII есеп беру-сайлау конференциясы өтті. «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалынан аталған жиынға 11 делегат онлайн форматта қатысты.Конференцияның күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:1. Партияның Алматы облыстық филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттері;2. Алматы облыстық филиалы Бақылау-тексеру комиссиясының 2019-2020 жылдары атқарылған жұмысы туралы есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттері;3. Алматы облыстық филиалының Саяси кеңесін сайлау;4. Алматы облыстық филиалының Бақылау-тексеру комиссиясын сайлау.Жиын барысында облыс әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы Амандық Баталов облыстық Саяси Кеңестің 2 жылда атқарған жұмыстары жайында есебін беріп, негізгі нәтижелермен алдағы міндеттер жайында тоқталып өтті. Атап айтсақ, өңір басшысы өз сөзінде «Қоғамдық қабылдаулар – ол халықпен кері байланыстың негізгі құралы. 2019-2020 жылдары партияның қоғамдық қабылдауларында 26 892 өтініш тіркеліп, 14 314 (53,2%) өтініш оң шешімін тапты», - деп атап өтті.#NurOtan #almatyoblysy #talgaraudany

1
0
121

Осы тақырып бойынша

Талдықорған қаласында облыстық партия филиалының XXVIII есеп беру-сайлау конференциясы - Yvision.kz