ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
1

Талантты жастарды партия қатарына салтанатты қабылдау

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ауданымыздың түрлі қызмет салаларындағы белсенді және талантты жастарын партия қатарына салтанатты қабылдау өткіздім. Аталған іс-шараға Жетісу ауданы «Nur Otan» партиясы бақылау комиссиясының төрайымы Тамара Мұхтарханқызы қатысып, жастарға өз тілегін білдірді.Сонымен қатар аудандық саяси кеңес Бюросы мүшелерінің қатысуымен, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Nur Otan» партиясының кеңейтілген Саяси кеңесінің отырысында айтқан «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын талқылау мақсатында, бюро мүшесі З.Атенова баядама жасап, аталған қағидаттар жиынтығының маңыздылығымен таныстырылып, Елдіктің жеті тұғырының мазмұны талқыланды. @nur_otan_almaty @kokobayeva_gulnara