Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Талғат Катауов сіз кімсіз, халық жанашырысыз ба алде алаяқсыз ба?

Талғат Катауов сіз кімсіз, халық жанашырысыз ба алде алаяқсыз ба?

Талғат Катауов Бөкейорда ауданының Мұратсай ауылы орта мектебінің директоры қызметін атқарып жүрген кезінде аудандық маслихатының депутатына сайлауға түскен болатын. Оған Бөкейорда аудандық сотының төрағасы, оның туған ағасы Гатауоллин Рахат Тұрсынғалиұлы көмектескені бәрімізге белгілі.

Талғат Катауов өзін қолдамаған қарамағындағы мұғалімдерге жұмыстан шығаратындығын айтып, ашық түрде қорқытып, ағасының «күшін» пайдаланды.

Ал, ағасы болса ауыл әкімдерімен кездесу кезінде Талғат Катауовты қолдауға көмектесулерін сұрап, қарсылық білдіргендерге «жоқ қыламын» деп ашық түрде айтқанын ауыл халқы жақсы біледі. Сол жылы Батыс Қазақстан облыстық білім беру департаментіне жиырмадан астам оқытушы атынан Бөкейорда ауданы Мұратсай ауылы орта мектебінің директоры Талғат Қатауовқа қатысты арыз түсті. Облыстан келген тексеріс Талғат Қатауов мектеп директоры болып істеген кезде, мектептің жөндеу жұмыстарын жүргіщу барысында қаржыны жымқырғанын анықтап, Қатауов қызметінен босатылды.

Осыдан кейін Қатауов өзінің туған жерінде, яғни Қаратөбе ауданының Үшағаш ауылында мектеп директоры болып жұмыс жасайды. Сол кезде .7-8  сынып оқитын оқушы қыздарға қырындап, «педофилдік» әрекеттері үшін ағайынды Сағындықовтардан ондырмай таяқ жеді. Ол аздай сол Үшағаштың барлық тұрғындары мектепке балалаларымызды бермейміз деп жаппай көтерілді.

Сөйткен Катауов қазір әлеуметтік желіде түкірігін жан жағына шаша отырып, облыс тұрғындары арасында өзінің «авторитетін» көтеруді ойлап жүргенін біреу білсе, біреу білмейтіні сөзсіз.

Құрметті жерлестер, әсіресе қыз-келіншектер! Сақ болыңыздар, Қатауовтың «көлеңкелі ойындарының» құрбаны болып жүрмеңіздер.

 
1
0
12730

Осы тақырып бойынша

Талғат Катауов сіз кімсіз, халық жанашырысыз ба алде алаяқсыз ба? - Yvision.kz