Талғарда тал отырғызды
2021 жылдың 20-қарашада «Бізбен бірге» қоғамдық қоры "Талғар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемеcімен бірлесе отырып «Еліміздің экологиялық болашағы» жобасы аясында аудан тұрғындарының қоршаған ортаға, табиғатқа және де қоғамға деген мәдениеттерін қалыптастыру бойынша акция өткізді. Аталған іс-шарада Талғар ауданының көшелеріне және де мектептер мен мемлекеттік мекемелердің аулаларында «Жасыл ел – жайқалған бау-бақша» бойынша 500 көшет отырғызылды.


