ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Табысы аз отбасылардың 6 жастан 18 жасқа дейінгі оқушыларға кепілдендірілген әлеуметтік топтамасы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмек алатын табысы аз отбасылардың балаларына арналған 2020 жылғы 1 қаңтардан беріле бастайтын кепілдендірілген әлеуметтік топтама құрамын қалыптастырды.

6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілді пакет 4 бөліктен тұрады. Оған: оқу орны бойынша бір реттік мектептегі тамақтануы, мектеп формасымен қамтамасыз ету, мектеп жабдықтарымен қамтамасыз ету, қалалық көлікте жол жүрудің 50% - ын өтеу кіреді.

Мектеп формасының, сондай-ақ мектеп керек-жарақтарының жиынтықтарымен балалар жылына бір рет қамтамасыз етілетін болады. Оларды сатып алуға арналған сертификаттар оқу жылы басталар алдында, тамыз айында беріледі деп жоспарланып отыр.

Ұлдарға арналған мектеп формасының жиынтығына келесі атаулар кіреді: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік көйлек, күнделікті көйлек, қысқы уақытта – трикотаж кеудешесі. Қыздар үшін: пиджак, жилет, юбка, классикалық жейде. Қысқы уақытта-трикотаж кеудеше мен сарафан.

Бастауыш, орта және жоғары сынып балаларына арналған мектеп керек-жарақтарының жиынтығы өз құрамы бойынша ерекшеленетін болады деп болжануда.

Бастауыш мектеп оқушыларына арналған комплектке: рюкзак, күнделік, 20 дана жұқа дәптер, қаламсауыт, сурет альбомы, шарикті қаламдар – 5 дана, жай қарындаштар – 10 дана, мұқабалар – 15 дана, пластилин, акварельді бояулар, сызғыш және өшіргіш кіреді.

Орта мектеп оқушылары үшін жиынтықта: рюкзак, күнделік, 20 дана жұқа дәптер, жалпы дәптерлер – 10 дана, пенал, сурет салу альбомы, шарикті қаламдар – 5 дана, жай қарындаштар – 10 дана, мұқабалар – 15 дана, сызғыш және өшіргіш болады.

Жоғары мектеп оқушыларына арналған комплектке: рюкзак, күнделік, жұқа дәптерлер – 20 дана, жалпы дәптерлер – 10 дана, қаламсауыт, шарикті қаламдар – 5 дана, қарапайым қарындаштар-10 дана кіреді.

Оқу орны бойынша күнделікті мектепте тамақтану белгіленген нормалар бойынша жүзеге асырылады.

Жеңілдетілген жол жүруге келетін болсақ, «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңның 13-бабы 7-ден 15 жасқа дейінгі балаларға қоғамдық көлікте билет бағасынан 50% жеңілдік түріндегі жол жүруге кепілдік береді.

--------------------------------------------------------------

Министерством труда и социальной защиты населения РК сформирован состав гарантированного соцпакета для детей из малообеспеченных семей, получающих адресную социальную помощь, который будет предоставляться им с 1 января 2020 года.

Гарантированный пакет для детей в возрасте от 6 до 18 лет будет состоять из 4 частей. Он включает: одноразовое школьное питание по месту обучения, обеспечение школьной формой, обеспечение школьными принадлежностями, возмещение 50% проезда на городском транспорте.

Комплектами школьной формы, а также школьных принадлежностей дети будут обеспечиваться раз в год. Сертификаты на их приобретение планируется выдавать в августе, перед началом учебного года.

Комплекты школьной формы для мальчиков включают следующие наименования: пиджак, жилет, брюки, парадная рубашка, повседневная рубашка, в зимнее время – трикотажный жилет. Для девочек: пиджак, жилет, юбка, классическая блуза. В зимнее время – трикотажный жилет и сарафан.

Предполагается, что комплекты школьных принадлежностей для детей начальных, средних и старших классов будут отличаться по своему составу.

Так, комплект для учащихся начальной школы включают: рюкзак, дневник, простые тетради в количестве 20 шт., пенал, альбом для рисования, шариковые ручки – 5 шт., простые карандаши – 10 шт., обложки – 15 шт., пластилин, акварельные краски, линейку и ластик.

Для учащихся средней школы в комплекте предусматривается: рюкзак, дневник, простые тетради в количестве 20 шт., общие тетради – 10 шт., пенал, альбом для рисования, шариковые ручки – 5 шт., простые карандаши – 10 шт., обложки – 15 шт., линейка и ластик.

Комплект для учащихся старшей школы включает: рюкзак, дневник, простые тетради – 20 шт., общие тетради – 10 шт., пенал, шариковые ручки – 5 шт., простые карандаши – 10 шт. обложки – 15 шт., линейку, циркуль и ластик.

Ежедневное школьное питание по месту обучения будет осуществляться по установленным нормам.

Что касается льготного проезда, то детям в возрасте от 7 до 15 лет статьей 13 Закона «О транспорте в Республике Казахстан» гарантируется проезд на городском общественном транспорте в виде льготы в размере 50% от стоимости билета.