Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Табиғи қорлар басқармасында дөңгелек үстел өтті

 

Маңғыстау облысы бойынша табиғи қорлар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында ағымдағы жылдың 10 шілдесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға басқарма қызметкерлері және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің өкілі қатысты.

Бұл кездесудің мақсаты мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық қатерлерін алдын алу.

Семинар барысында алғашқы сөз кезегі «Экологиялық жобаларды сараптау» бөлімінің басшысы Г.Мутановаға берілді. Г.Мутанова өз кезегінде жиналған қызметкерлерге «коррупция» сөзінің мағынасын түсіндіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің әлемдік тәжірибиесі туралы айтып өтті. Келесі сөз кезегі аумақтық Департаменттің өкілі Ұ.Қадырбаеваға беріліп, Департамент қызметінің басым бағыттары, мемлекеттік қызметті өткеру, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты ҚР Президентінің Халыққа Жолдауы және «100 нақты қадам» жоспарының талаптары, Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен оның орындалу барысы бойынша түсіндіріп өтті.

Сонымен бірге Департаменттің жаңа жұмыс бағыттары – талдау және сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтау, жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бойынша сөз қозғалды.

Кездесу соңында басқарма қызметкерлері мемлекеттік қызметті өткеру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы сұрақтарына жауаптар алды.

 
0
0
473

Осы тақырып бойынша

Табиғи қорлар басқармасында дөңгелек үстел өтті - Yvision.kz