Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

“Табиғат тазалығы - адамзат саулығы” атты сенбілік акция

Бүгінгі “Табиғат тазалығы - адамзат саулығы” атты сенбілік акциямыз керемет өтті.

“Sagadat Batyr - QTT” спорт клубының бапкерлері мен спортшылары бастаған бұл бастаманы Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі Кәрібаев Мұхит Бақытұлы қолдап, бізбен бірге сенбілікке шықты. Бүгінгі сенбілікке бір кісідей ат салысқан “Ащыбұлақ ауылдық округі әкімі аппараты” ММ қызметкерлеріне, Ащыбұлақ ауылдық округінің қоғамдық кеңесіне, 36, 44 орта мектептерінің ұжымына және ауыл жастары мен еріктілеріне алғыс айтамын!✊

Бұл сенбілік акциясын эстафета ретінде еліміздегі барлық спорт мектептерімен спорт клубтарына жолдаймын.✊

Спортшылар олар өз елінің патриоттары. Сондықтанда нағыз патриот ретінде өз еліміздің тазылығана көңіл бөлейік!👍Қоршаған ортаны қорғап, табиғатымызды аялайық, жастарымызға дұрыс үлгі көрсетейік!✊

#сенбілік #тазалық #спортшылар #бізбіргеміз #табиғатты_аялайық

0
0
185

Осы тақырып бойынша

“Табиғат тазалығы - адамзат саулығы” атты сенбілік акция - Yvision.kz