Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Табиғат ресурстары және табиғатты пайдануды реттеу басқармасы, Экология департаменті, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшыларының брифингі өтті

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен облыс әкімі аппаратымен бірге жасалған іс-шаралар Жоспары шеңберінде, а.ж. 2 тамызда өңірлік коммуникациялар қызметінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер рәсімдерін жетілдіру, соның ішінде қызметтерді электронды түрде ұсыну мүмкіндіктері туралы мемлекеттік органдар басшыларының біріктірілген брифингі ұйымдастырылды.

Осы іс-шара 2017 жылға арналған облысымызда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін жетілдіру жөніндегі жасалатын  іс-шаралар Жоспары шеңберінде облыс әкімі аппаратымен бірге ұйымдастырылған.

Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы Е.Е. Жанатаев БАҚ өкілдеріне облыс азаматтарының мемлекеттік қызметтерді «Е-лицензиялау» МДБ арқылы алуға мүмкіндіктері бар деп ақпараттандырды. Оның мәліметтері бойынша балықтың қайда ауланғаны туралы анықтаманы, саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру және т.б. жөніндегі қызметтер ең сұратылатын болып табылады.

СҚО табиғат ресурстары және табиғатты пайдануды реттеу басқармасының басшысы Қ.Қ. Сәдуақасов тоғыз көрсетілетін қызметтерден бесеуі электронды нысанда көрсетілетінін айтты. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі табиғатты пайдаланушының «жеке кабинетіне» электронды-цифрлы қолтаңба қойылған электронды құжат ретінде жіберіледі, бұл қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтерді үйден шықпай алуға мүмкіндік береді.

Бөлім басшысы Л.А. Цайгердің ақпараты бойынша СҚО бойынша экология департаментімен 1 санаттағы нысандар үшін рұқсаттар және тұжырымдамалар беру бойынша екі мемлекеттік көрсетілетін қызмет ұсынылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің барлығы «Е-лицензиялау» МДБ арқылы көрсетіледі, ұсынылған қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ.

БАҚ өкілдерін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін қысқарту, әуесқой балық аулау, ағаш кесуге рұқсаттар алу мүмкіндіктері, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелердің жұмыс кестесі туралы мәселелер қызықтырды.

БАҚ өкілдерінің барлық сұрақтарына мемлекеттік органдар басшыларымен егжей-тегжейлі жауаптар қайтарылды.

Брифинг жұмысына қатысқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің СҚО бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер басқармасы басшысының м.у.а. Е.Е. Жақслықов жылдың соңына дейін әр бағыт бойынша біріктірілген брифингтерге 12 мемлекеттік органның басшысы қатысатынын айтты. Сонымен қатар, іс-шаралар Жоспарымен баспа БАҚ беттерінде өз мақалаларын 10 жергілікті атқарушы органының басшысы жария етуге көзделген, өңірлік телеарналарда 6 жергілікті және аумақтық мемлекеттік органның басшысы сөз сөйлейді.

Бұл іс-шаралар облыс тұрғындарын электронды мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы жан-жақты ақпараттандыруға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

 
0
0
471

Осы тақырып бойынша

Табиғат ресурстары және табиғатты пайдануды реттеу басқармасы, Экология департаменті, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшыларының брифингі өтті - Yvision.kz