Тағы бір жылды тәмәмдап, жаңа 2021 жылға қадам бастық.
Қадірлі Атыраулықтар!
Тағы бір жылды тәмәмдап, жаңа 2021 жылға қадам бастық. Өткен жыл тек қиындықтардан емес сонымен қатар, бірлік пен тұрақтылықтың кепілі болған жыл болды. Қиындықты еңсере алатынымызды көрдік. Елдігіміз беки түсті. Әсем қаламыз көркейіп келеді. Көптеген ауқымды істер қолға алынып, халық игілігіне берілді. Келер жылы да атқарылар толағай жұмыстар бар. Жаңа жылда елімізге тыныштық, әр шаңыраққа қуаныш, береке тілеймін!
Жаңа 2021 жыл құтты болсын!
Аса құрметпен,
"Nur Otan" партиясы Атырау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
Бейбіт Мырзағалиев.
