Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тағы бір «Ашық әкімдік» жобасының фронт-офисі ашылды

2020 жылдың 15 қаңтар күні Орал қаласының Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында «Ашық әкімдік» жобасының жаңа фронт-офисі ашылды.

Фронт-офистің ашылу салтанатына Орал қаласының әкімі А.А.Шыныбеков, БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Р.С.Ақмырзаев, БҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Ғ.С.Тұрсынбаев, «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ә.Ө.Салиева, қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Р.С.Ақмырзаев өз сөзінде: «Біздер бүгін, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасынының облымысызда іске асырылуының куәсі болып отырмыз. Адалдық, әділдік, сатылмаушылық сияқты құндылықтарды қалыптастыруда фронт-офистердің орны ерекше» - деп атап өтті.

Фронт-офистердің негізгі мақсаты – халыққа сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету кезінде ашықтық пен транспаренттілікті қамтамасыз ету болып табылады.

1
0
262

Осы тақырып бойынша

Тағы бір «Ашық әкімдік» жобасының фронт-офисі ашылды - Yvision.kz