«Таңшолпанда» — әнші Ермек Меденов
Жас өнерпаз бүгінде түрлі концерттерге қатысып, саксофон аспабында туындылар жазумен айналысады.
Көпшілікке «SuperStar.KZ» жобасы арқылы жақсы таныс саксофоншы, әнші Ермек Меденов бүгінде түрлі концерттерге қатысып, саксофон аспабында туындылар жазумен айналысады.
«Ата-анам мұғалім болғанымен, өнерлі жандар. Әкем – баянда, гитарада, анам – домбырада ойнайды. Кезінде Семейде Меденовтер жанұясы деген отбасылық ансамбль де болды. Қазір басымыз қосылған кезде ғана болмаса, кезіндегі дүрілдеген ансамбль жоқ»,-дейді жас әнші.

«Өнерде 5 жастан бері жүрмін. Әкем бала кезімізде 2-дауыс, 3-дауыс дегендер қиын ғой, соны үйрететін. Одан кейін өзімізде де қызығушылық туып, алып кеттік. Ал, алғашқы ұстазым – Эдуард Ганкин деген кісі».
Студияға саксофон және мелодик аспаптарын ала келген жас өнерпаз: «Бүгінде осы саксофон арқылы шығарылған бірнеше туындым бар. Ендігі мақсат – соны халыққа ұсыну», - дейді.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.
