Таңдау. Монотеизм немесе ортодоксия?
Таңдау. Монотеизм немесе ортодоксия?
Сәлем құрметті оқырмандар! Мінекей www.nurmura.kz сайтының ашылғанына алты айдай болып қалды. Осы өткен уақытта сайтымыздан ақпарат іздеген, сынға алған, жәй ғана кіріп көрген неше түрлі адамдар болды. Сайтқа келушілердің көбі студенттер мен діни ақпарат іздеушілерден деп ойлаймыз, өйткені сайттың нағыз қайнар мақалалары «дін», «сүннет», «вахабит», «пәлсапа», «ғылым», «секта», «әлеумет» тақырыптарына қатысты еді.
Рас, сайтқа келушілердің деңгейі бастапқыда өте жоғары болды. Осыған себеп болған факторлар: жаңа, дәстүрлі ағымдардан өзгеше тақырыптарды талқылаушы, «рационалды монотеизм» термині, сүннизмге қарсылық, ортодоксияға қарсылық болды. Алайда уақыт өткен сайын сайттын деңгейі түсе бастады.
Неге олай болды?
Себебі сайтқа келушілердің басымы сынға алып, біздерді «құраншы», «тозақтың иттері», «батыстың миссионерлері», «діннен қайтушылар», «мұртад», «фитнә жасаушылар», тіпті кейбіреулері «вахабит», «арабтың тыңшылары» деп айтқан еді.
Қазір сайтқа күніне азғана келушілер бар, біздер осыған өте қуаныштымыз!!! Біздер осындай нәтижеге әу бастан – ақ дайын болғанбыз.
Құдай айтады:
Бірақ адамдардың көбі оны түсінбейді. Құран 7:187
Бірақ иман келтіріп, турашылдық істегендер басқа. «Олар азғантай» Құран 38:24
Сендер аз едіңдер де жер жүзінде езілген едіңдер. Құран 8:26
Егер сен жер жүзіндегі адамдардың көбіне көнсең сені Алланың жолынан адастырады. Құран 6:116
Мінекей Құдайдың өзі тура жолдағылар, иман етушілер, сабыр етушілер азғантай деп Құранның бірнеше аяттарында айтып тұр. Мүмкін осы Құранның аяттары сайттың шкаласына түскен азғана адал келушілер туралы айтылған болар?
Білуіміз бойынша Құран - бүкіл адамзатқа қиямет күніне дейінгі тура жолға бастаушы, әрбір адамға қатысты Құдайдың кітабы. Сондықтанда Құранның әрбір аятының күшін сүннет ұстаздары секілді жоюға құқығымыз жоқ.
Социалды желідегілер!!!
Құдайға тәуба! Социалды желіде көптеген студенттер сайттағы мақалалардың мағыналы екенін айтады. Біреулер дұрыс жолды енді таптым деп рахметін айтады.Қалайша бұрын сүннеттердің қақпанына түсіп қалдым деп, міне ЕНДІ ҒАНА дәстүрден босадым деп айтатындар жеткілікті.
Ең қызықтысы, [email protected] социалды желісіндегі әңгімелесушілерге жарнамалап, онлайн бойынша сайт туралы сілтеме жіберсен, кейбіреулердің бірден сендер вахабитсындар деп пікірлерін білдіруі.
Мен осындай адамдарды түсінбеймін.
Неге олар көздерін ашпайды?
Неге олар ойланбайды?
Біздердің және олардың (вахабит, саляфит, сопы, такфир, иегова куәгерлерінің т.б.) мақалаларын оқып көріп, неге пікірлерін айтпайды? Менің ойымша жалғыз ғана себеп бар,ол «еріншектік»?!
Құрметті оқырмандар, біздер ерінбеуіміз керек! Әрі қарай осы әлемді, Құранды тану жолынан тайынбауымыз қажет. Өйткені әр адам өз тағдырының иесі.
Сайттың иесі кімдер?
Біздер ешқандайда «вахабит», «саляфит», «мистик», «сиқыршы», «адастырушы», «хабашит», «ханафит», «сопы», «нақшбанди», «протестант», «каббалист», «масон», «нло», емеспіз. Біздер сендер сияқты адамдармыз. Рационалды монотеисттерміз.
Рационалды монотеизм – бұл сендерге бұрын кездеспеген бір нәрсе!!!
Рационалды монотеизм пұттарды сындырып, адамды зұлымдықтан босатады. Бұл дертсіз болмайды, мен ӨТЕ АЗАПТЫ болады дер едім, алайда оның қорытындысын білсеңіз ғой!
Біз үшін айналамызда сақалды радикалдардың, бет аузын оранған әйелдердің, ортағасырлық мифтен басы айналғандардың, діни фанатиктермен буквалисттердің, оған қоса порно индустрия мен педофилизмнің, адамның санасын улайтын салалардың дамуы бәрібір емес.
Бізге, нақтырақ бәрімізге де тәуелсіз зайырлы мемлекетіміздің одан әрі қарқынды дамуы, экономикасының мықты болуы, болашақта 50 дамыған елдердің қатарында болуы, білім, медицина, туризм т.б. салалары дамығаны маңызды. Егерде еліміздің азаматтары бір Күштің, Жаратушының бар екенін біле отыра, оның адамзатқа игілік ретінде берген заңдарымен өмір сүріп әділ қызмет етсе, онда ешқандайда жемқорлық, ұрлық, бір – бірін алдау болмас еді. Құдай Әділ, Турашыл. Біздерге неге енді әділ өмір сүрмеске.
Вахабизмді дұрыс түсінбейтіндерге!
Оқырмандарға тағы да бір айтатыным, яғни бізді вахабист деушілерге! Біздер вахабизм және де басқа да ағымдар құбылысына қарсы шығушылармыз. Біздердің ұстанымымыз математика, физика, астрономия, медицина т.б. ғылымдарымен дәлелденген Құдайдың сөзі, Құран!
Ал, біле білсеңіз вахабит, саляфит т.б. ағымдардың негізгі ұстанымдары Құранды жеткізуші Мұхаммед пайғамбарымыздың «сүннеті», хадисі. Сүннет дегеніміз жол деген мағынаны береді, негізі нағыз сүннет бұл – тек қана Құран. Оны әлемнің Жаратушысы Құдайдың өзі бақара сүресінің екінші аятында былай деп айтады:
Міне осы Кітапта күдік жоқ, тақуалар үшін тура жол көрсетуші. Құран 2:2
Ал олар Құрандағы заңдарды бөлек қойып, тағы да, пайғамбар былай айтты, былай дәрет алды, әйелімен былай болды, былай киінді деген әңгімелердің (хадис) жинағын жазып кітап қылып шығарып және соны ғасырдан ғасырға дәстүр қылып ұстанып келеді.
Яғни біздің ұстанымымыз Құдайдың заңы – Құран. Ал олардың ұстанымы пайғамбар айтқан секілді деген адамдардың жинақталған сөздері.
ҚҰРАН және СҮННЕТ
А және Б
А бұл Б емес
Б бұл А емес
Таңдау өзіңізде.
Олар 7 ғасырда өмір сүрген сахабалардың сипаттарына және тұрмыстарына тартады.
Мысалы: сақал өсіру, балақты қысқарту, дүнияу сабақтарды оқымау, көбірек хадис жаттау, өзге араб тілінде аяттарды жатқа әндетіп білу, халифат орнату, таспен ату жазасы, әйелді сүндетке отырғызу, қыз баланы ерте күйеуге беру, суретке түспеу, өйткені пайғамбармен сахабалар кезінде фотоаппарат болмады деп, сондай – ақ теледидар көрмеу т.б.
Ал біздер қайда тартамыз халықты?
Сайтымыздан Ибрахим, Сократ, Платон, Аристотель, Ибн Сина, Ньютон, Әль – Фараби, Абай Құнанбаев, Декарт, Бэкон, Локк, Толстой туралы мақалалар оқыған боларсыздар? Олар ақылды пайдалана білген, Жалғыз Жаратушыны мойындаған, әлемді тану жолында болған, өркендеуге, дамуға үлес қосқан өз заманының ғұламалары. Біздің арамыздан осындай ғұламалар неге шықпасқа? Егерде рационалды болсақ, дәстүрмен діни фанатизмнен аулақ болсақ, ойымызда тек елдің дамуы, адамзаттың жағдайының жақсаруы болса бұл тамаша болар еді.
Жарайды, мен тақырыптан ауытқып кеткендей болдым.
Сайтымыздың оқырмандарына айтарым, мейлі бізді қолдайтындар болсын, тіпті қарғайтындар болсын. Естеріңе сала кетейін мақаланың көпшілігінде Құдайдың Құрандағы бұйрықтары, сөздері, шақырулары бар. Сондықтанда зор көңіл бөліп, ұқыпты оқып, ойланып сын айтуларыңызды сұраймын.
Сын айтпас бұрын дұрыстап ойлануларыңызды! Көздерінді ашуларыңызды! Өз – өздеріңе қарама – қайшы келмеулеріңізді сұраймын.
Біздерге ашу, ызаны көрсетіп қажет жоқ! Біздер жамандық тілемейміз, керісінше сендердің қараңғылықтан жарыққа шыққандырыңызды қалаймыз!
Біздер сендерді бостандыққа, әділеттікке, ғылымға, білімге, сабырлылыққа, екіжүзділікпен күресуге, жауыздыққа қарсы ержүректілікке, беріктілікке шақырамыз.
Бұл Құдайдың заңдарына қарама – қайшылықпа?
Құдай осындай шақыруға риза болмайма?
Сендер соқыр сияқты ешнәрсені де көрмейсіздер.
Нақтырақ айтқанда көздерін бар көретін, тек сендер көз алдарындағы шындықты емес, айналадағы көрші, шейх, ұстаз, пір,әке, ата, авторитеттерінді көріп соларды ғана тындайсындар. Шындықты таптайсындар.
Ояныңдар! Қиямет күні олардың біреуі де көмектеспейді. Шындықтан қаша алмайтын боласыңдар! Сонда сендердің иррационалды, соқыр сенімдеріннің құны қаншалықты болады?!
Сендер эмоцияның тұңғиығына батып, ақылдарынды пайдаланып ойланбайсындар!
Сүннизм ол сүннизм, адасу, қараңғылық, әйелді сүндетке отырғызу, таспен ату, қол кесу, зұлымдық, сананы улап ортағасырлыққа тарту. Ал Құран бұл прогресс, ренессанс, жарық, ғылым, даму. Оның несі түсініксіз? Бәрі де ап – аңық, жеп – жеңіл. Тек өздерін ойланбай қиындатасындар. Оған қоса Құранның математикалық коды (код 19) бәрімізге берік сенімділік береді. Бәрі де түсінікті емеспе?
Сол қасиетті авторитеттерден бас тартсандаршы! Авторитеттің Ақиқаты емес, Ақиқаттың авторитеті маңызды емеспе?! Өздеріңді ойласандаршы!
Назар бөлгендеріңізге рахмет!

