Тәжірибемді ел дамуына жұмсаймын
.Облысымыздағы білім, медицина саласының дамуында және қала тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін шешу жолында тәжірибем жеткілікті. Елімізде болып жатқан, ауқымды әрі бірегей праймеризге қатысуға өз кандидатурамды ұсындым.
Бүгінгі таңдағы әлем назарын өзіне аударған эпидемиялық жағдай кең ауқымда тарап жатқаны баршамызға мәлім. Осы орайда пандемия кезінде халқымыздың әлеуетін арттыру үшін «Nur Otan» партиясының атқарып жатқан жұмыстары орасан. Әсіресе, әлеуметтік қолдау көмегін көрсетумен қатар, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде, сонымен қатар бірқатар мәселелерін шешуде партияның еңбегі елеулі.
Мақсатымыз мығым, міндеттеріміз айқын болсын!
Серік ЖАНСЕҢГІРОВ,
Талдықорған қаласының маслихат депутаты,
Талдықорған жоғары медициналық колледжінің директоры,
медицина ғылымдарының кандидаты
