Тәжірибе алаңы.
Тәжірибе алаңы.
Бүгін «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Аққұм ауылдық округі» БПҰ ұйымдастыруымен «Тәжірибе алаңы» - тақырыбында еңбек ардагерлері мен жастардың кездесуі болып өтті. Аталмыш шараның негізгі мақсаты - ардагерлер жолын жастарға үлгі ету, олардың әңгімесінің мәнін ұғына білуді, үлкендерді сыйлауды, құрметтеуді, атаның батасын, ананың алғысын ала білуді үйрету, ерен еңбегімен ел есінде қалған жерлестер есімін келешек ұрпаққа ұмыттырмау, олардың ел жадындағы ерен еңбектерін көпшілікке ұсыну болып табылады. Еркін форматтағы кездесуге өз ісінің маманы бола білген, қазіргі таңда бейнетінің зейтнетін көріп отырған еңбек ардагерлері, еліміздің келешегі, тәуелсіздік тұтқасын ары қарай ұстайтын келешек жалынды жастар, «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева және Аққұм ауылдық округінің әкімі А.Асанбеков қатысты. Тәлім тағлымы мол кездесу сөз алған аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева «Қарттарды сыйлау, үлкенге ізет көрсету - ата салтымыз, перзенттік парызымыз. Сіздер кезінде еліміздің өркендеп, гүлденуі жолында аянбай қызмет етіп, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен еңбек сіңірдіңіздер. Бүгінгі күні де қоғамдық өмірден тыс қалмай, елді игілік пен ізгілікке өзара ынтымақ пен бірлікке жұмылдырып жүргендерін айтып, өз ризашылығын жеткізді.
Кездесуге жиналған ардагерлер өздерінің жастық шақтарын, еңбек жолдарын еске алып, жастарға өз ақыл-кеңестерін бере отырып, ұйымдастырушыларға өз рахметтерін айтты.
