Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тұңғыш Президенті күніне орай Тасқала денсаулық сақтау, білім беру өкілдерімен кездесу өткізді.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиалында 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Тасқала аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Л.Жұбанышқалиева денсаулық сақтау, білім беру және жастар өкілдерімен кездесу өткізді. Аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары кездесуге қатысушыларды Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі ел дамуындағы Елбасымыздың атқарған еңбектеріне тоқталып өтті. Кездесуге қатысушылар Н.Ә.Назарбаевтың саналы өмірінің еліміздің өсіп-өркендеуіне, бейбітшілік пен келісімнің сақталуына сіңірген еңбектерін айтып, ой бөлісті.

Осы тақырып бойынша