Тұңғыш Президент күнінде партия құрамы толықты


Тұңғыш Президент күнінде партия құрамы толықты
Бүгін Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалының ұйымдастыруымен партия қатарына бірнеше тұрғын қабылданды. Б.Мұқай атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен айтулы шараға партия ардагерлері мен қадірменді қонақтар қатысты.
- Бүгін жай мереке емес, еліміздің еңсесін тіктеп, баянды болашаққа жол салып берген Тұңғыш Президент күні. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – біздің мемлекетіміздің тарихында мерейлі күн. Партия қатарына салтанатты қабылдауды «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Н.Құдайбергенов өзі қабылдап, мерекемен құттықтады.
Мұнан кейін партия ардагері Абиров Медетхан сөз алып, партия мүшелігіне өтіп жатқан тұрғындарға сәттілік тілеп, мерекемен құттықтады.
