Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тұңғыш Президент күні салтанатпен аталып өтті

Оған аудан әкімі жəне орынбасарлары, бөлім мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты. Алдымен шараға жиналғандар аудандық орталық кітапхана ұжымының ұйымдастырған кітап көрмесін тамашалап, Елбасыға арналған кітаптармен танысты.

Мерекелік шарада еліміздің Әнұраны шырқалған соң құттықтау лебізін білдірген аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев:

– Адамзат куә, соңғы отыз жылға жуық уақытта бүкіл әлем таныған Тәуелсіз Қазақстанның тарихы жасалды. Осынау жасампаз дәуірдің ең басты және ең көрнекті тұлғасы – Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазақстанды дүниежүзі толығымен мойындаған, замануи тұрғыда демократиялық үрдіс жолымен қарышты дамушы мемлекетке айналдырған кемеңгер Тұңғыш Президентіміздің дана да дара жолы осы отыз жылғы өрелі тарихпен өріледі. Сондықтан да «1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні» елімізде – мәні зор, маңызды мереке болып қала береді. Мерейлі мерекеде баршамызға сәттілік, бақыт, береке, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Халқымызға қашан да жақсылық жолдас, үкілі үміті серік болып, әлемдегі ең озық отыз елдер қатарынан табылайық, - деді.

Сондай-ақ, салтанатты жиында «Nur Otan» партиясы қатарына қабылданған партия мүшелеріне партиялық билет тапсырылды

0
0
168

Осы тақырып бойынша

Тұңғыш Президент күні салтанатпен аталып өтті - Yvision.kz