Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тұңғыш Президент күні қарсаңында партия құрамы толықты

Мерекелік жиынға аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаныбек Айтжанов, аудандық партия филиалының Саяси кеңес Бюросының мүшелері, партия ардагерлері, партия белсенділері, «Jas Оtan» ЖҚ өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Шараны аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаныбек Айтжанов ашып, партия филиалы мүшелерін мерейлі мерекемен құттықтады. Алқалы басқосуда партия қатарына жаңадан қабылданған мүшелерге партиялық билеттер табысталып, атаулы күнге орай Қаныбек Айтжанов өз атынан ортақ іске елеулі үлес қосып жүрген бір топ партия белсенділеріне Алғыс хаттарды табыс етті. Сонымен қатар партия ардагерлеріне «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының Алғыс хатын табыстады.

Осы тақырып бойынша

Тұңғыш Президент күні қарсаңында партия құрамы толықты - Yvision.kz