Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Түймешов Жұбаныш Төлегенұлы #БҚОатақтыспортшылары

Түймешов Жұбаныш Төлегенұлы 1993 жылы Шыңғырлау ауданы Қотантал ауылында дүниеге келді..

2008-2009 жылдары Облыстың ІІІ дүркін чемпионы. 2009 жылы Республикалық Қазақстан Чемпионатына жолдама алып, сол жолдама арқылы қатысып Қазақстан Республикасының Күміс жүлдесін иеленді.

ІІ дүркін Қазақстан Чемпионы атанды және «Спорт шебері» атағына ие болды. Колледж қабырғасында оқи жүре көптеген Республикалық жүлделерді жеңіп алды. 2013 жылдың күзінде ҚР Астана қаласындағы «Республикалық Ұлан» әскер қатарына алынды. Әскер қатарында жүріпте жарысқа қатысу үшін дайындықтар жасап, Республикалық 7 жарысқа қатысып жүлделі орындарға ие болды. Қазіргі таңда Шыңғырлау ауданының «Балалар жасөспірімдер спорт мектебінде» гір спортынан жаттықтырушы қызметін атқаруда.

05-08 желтоқсан 2008ж. Орал қаласы. Гір спортынан С.Ульяновты еске алуға арналған жасөспірімдер мен ерлер арасында БҚО-ның турнирі.І орын

05-08 ақпан 2010 ж. Ақсай қаласы. Гір тасын көтеру жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты. І орын.

11-13 наурыз 2010 ж. Орал қ. Гір спортынан жасөспірімдер (1992ж.т. және одан кіші) және ерлер арасында БҚО чемпионаты.І орын.

27-28 қараша 2010ж. Орал қаласы. Гір спортынан жасөспірімдер мен ерлер арасында ҚРЕСШ әлемнің 9-дүркін рекордсмені, ауыр атлетикадан 3-дүркін әлем чемпионы С.Ульяновты еске алуға арналған облыстық турнирінде І орынды иеленді.

#знаменитыеспортсменыЗКО

#БҚОатақтыспортшылары

0
0
199

Осы тақырып бойынша

Түймешов Жұбаныш Төлегенұлы #БҚОатақтыспортшылары - Yvision.kz