Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тәуелсіздіктің жетістіктері сөз болды

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің мәжіліс залында «Тәуелсіз Қазақстан: Жасампаздыққа толы жылдар. Шығыс Қазақстан облысының басты жетістіктері» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Шараға ШҚО әкімінің орынбасары Азамат Маратұлы, Қазақстан Республикасы Парламент сенатының депутаты Ольга Александровна, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Зарина Айдарқанқызы, «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филалының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Анэль Сапаргалиевна және өңіріміздің құрметті азаматтарымен әр саланың мамандары қатысты.

Жиын барысында Тәуелсіздіктің 30 жылында әр салада жеткен жетістіктер сөз болды.

Тәуелсіздіктің арқасында бүгінгі күнге дейін көптеген тарихи-архелогиялық зертеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа жетістіктерге қол жеткіздік. Біздің зертеу жұмыстарын жүргізудегі басты мақсатымыз тек жаңалық ашу емес, құнды жәдігерлеріміз арқылы әлемге елімізді таныту- дейді тарих ғылымдарының докторы Зайнолла Самашевич.

Еліміз тәуелсіздік алған тұста білім министірі қызметін атқарған Ережеп Әлхайырұлы білім саласының бүгінгі жетістігіне тоқталды.

Білім саласында да ауыз толтырып айтар жетістіктер мол, жастарымыз әлем елдерін аралап білім алуда, мемлекет білім алушы жастарға бар мүмкіндікті жасап отыр. Бүгінгі заманның ағымы да білімділікті талап етуде. Елбасымыз үнемі жастарды қолдауды, оларға жан-жақты жол ашуды тапсырып отырды. Еліміздегі алғашқы оқу орындарының бірі осы біздің өңірде ашылды. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш – деп атап өтті Ережеп Әлхайырұлы.

0
0
278

Осы тақырып бойынша

Тәуелсіздіктің жетістіктері сөз болды - Yvision.kz