Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тәуелсіздіктің 30 жылы

Тәуелсіз Қазақстан! Еркіндіктің самалын құныға жұтқан, қанатын кеңге жайған, жылдан-жылға көркейіп, дамып келе жатқан шуақты ел. Сан ғасырлық тарихы бар еліміздің 30 жыл көлемінде даму жолында жасаған әрбір қадамы өскелең ұрпақ үшін үлкен маңызға ие. Үкімге белгілі бір күннің ауа райы емес, жалпы дәуірдің ауа райы әсер етуі тиіс. Сондықтан да, біз өз қоғамымыздың өзгерістерін аса мұқият бақылап, ұғынып, сол нәрседен нәтиже шығара алуымыз қажет. Айталық, елбасының бастауымен, кеңестік өкімшіл-жоспарлы әкімшілік жүйе бұзылғаннан және бірегей халық шаруашылық кешені күйрегеннен кейін алапат дағдарысқа тап болған қазақстандық экономиканы өзгертуге бағытталған аса ауқымды шаралар әзірленіп, іске асырылды.Қазақстан жаңа тарихи кезеңге аяқ басқан. Бүгінгі күнде еліміздің үшінші жаңғыруы да басталып кеткен, ол саяси реформа мен экономикалық жаңғыру. Қазақстанның қазіргі таңдағы мақсатының әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу екені бүгінге дейін де айтылып келді.

30 жыл ішінде елімізде жаңа өзгертулер өз белесін алды. Әсіресе, мұғалімдерге, сондай-ақ білім жолына бет бұрушыларға жоғары деңгейде құрмет көрсетуде. Жасанды интеллект пен сандық технологиялар еліміздің өркениетінен таса қалған жоқ, керісінше, дамуға, жаңалықтарды қабылдауда әрдайым ашықпыз. XXI ғасыр алып технологиялар ғасыры екенін негізге ала отырып, бүгінгі өмір сүру қарқынын бақыласақ, электронды дүниелермен тығыз байланыста екенімізді жоққа шығара алмаймыз. Күнделікті қоғамда 8 сағаттық жұмысымызды компьютерде атқаратын болсақ, жұмыстан демалу мақсатында қолымыз бірден ұялы телефонға жүгіретіні де жасырын емес. Күн санап ағылып келетін ақпараттар толқыны санамызды жаулап қана қоймай, қай ақпараттың маңызды екенін білмей, миымыздың қорыту процессі тежеліп, ойымыз сан саққа кетеді. Адамның санасынан шығып кеткенімен, біздің миымызды алмастыруға шақ қалып тұрған роботтар өз жадына миллиондап,тіпті, миллиардтап біз білмейтін деректерді қабылдап жатқанын байқайсыз ба? Міне, осындай тоқтаусыз әр іс-қимылымызды бақылап отыратын гаджеттер мен бейне бақылауларының нәтижесінде жиналып жатқан өте үлкен ақпараттар легін Big Data қолданысқа енді. Осы бағыт бойынша журналистика саласында шетте қалдырмай Дата журналистика саласы алғаш рет білім бағдарламасына еніп отыр. Бұл да тәуелсіздігіміздің үлкен жетістігінің бірі. Соның нәтижесінде, осы бағыт бойынша өз біліміміз бен біліктілігімізді арттырып келеміз.

Өскелең ұрпақ ретінде өз еліміздің дәрежесін биікке көтеріп, өз тілімізді, өз дінімізді, тарихымызды дәріптеу, оны ұмытпай әрдайым жадымызда сақтау, ел алдындағы борышымыз деп білем. Бабалар аманат етіп кеткен жеріміз мен тұтастай қазақ есімін әрдайым білімділігімізбен, патриоттық санамыздың жоғалмауымен сақтап қаламыз. Тарихымыздың жаңа парақтарын аша отырып, одан әрі көркейіп, биік шыңдарға жету, жастардың, біздің қолымызда!

0
0
149

Осы тақырып бойынша

Тәуелсіздіктің 30 жылы - Yvision.kz