Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тәуелсіздікке 25 жыл: жетістіктеріміз бен болашағымыз

2015 жылдың 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған салтанатты жиналыс өткізілді.

Құттықтау сөзінде Департамент басшысы Болат Исақов қызметкерлерге тілегін білдіріп, оларға зор денсаулық, жетістіктер мен  амандық тіледі. «Тәуелсіздіктің 25 жылында біздің еліміз дамудың үлкен жолынан өтті. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев қазақстандықтардың алдына дамыған отыз елдің қатарына кіру жолында мақсат қойды. Алға қойған мақсатқа жету мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және тиімді жұмысына байланысты. Біз, мемлекеттік қызметшілер, біздерге үлкен жауапкершілік артылғандығын сезінеміз» - деді Б.Ә.Исақов.

Шараның ашылуында Департаменттің басқарма басшысы Б.М.Хайруллин «25 жылдағы менің елімнің тарихы» тақырыбында баяндама жасады.

Шара барысында Департамент басшысы мемлекеттік қызметтің дамуы мен нығаюына өз үлестерін қосқаны үшін Департамент қызметкерлеріне мерекелік медальдар мен грамоталар табыс етті.

       
0
0
428

Осы тақырып бойынша